ИСАБАЕВ Қалмұкан

ИСАБАЕВ Қалмұкан (25.8.1925 жт., Павлодар обл. Баянауыл а) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1961). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1954 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінің Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып қызмет атқарған. 1955 -85 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетгі насихаттау бюросының директоры болған. И-тың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады. Алғашқы әңгімелер жинағы «Баян» 1959 ж. жарық көрді. «Сапар сыры» (1981), «Десант» (1984), т.б. спектакльдері обл. драма театрларында қойылған. «Десант» комедиясы Қазақстан Мәдениет мин-нің 1984 ж. байқауында жүлдеге ие болды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300-дей көркем очерк ғыл. және проблемалық мақалалары жарияланған. Кітаптары орыс, неміс, т.б. бірнеше тілдерге аударылған. Қызыл Жұлдыз (1945), Еңбек Қызыл Ту (1975), «Құрмет» (2003), 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, ГДР-дің Герман-Совет достығы қоғамының алтын белгісімен (1983) және көптеген медальдармен марапатталған. Халықар. «Алаш» сыйл. лауреаты (2005).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *