ИСА Қазыбек (1962ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Мақтаарал ауд. Бірінші май а.) -ақын. ҚазҰПУ-ды бітірген. 1984 -90 ж. Қызылқұм орта мектебінде мұғалім, 1991 ж. «Қазақпарат» баспа корпорациясының вице-президенті, 2000 жылдан «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы, «Жас қазақ» ТГР ЖШС бас директоры. 1984 ж. «Аудитория» студент ақындар кітабында, 1988 ж. «Тоғыз перне» ұжымдық жинағында топтама өлеңдері жарияланды. 1996 ж. «Керімсал» атты тұңғыш жыр кітабы жарық көрген. 1998 ж. Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері.