ИРАНҒАЙЫП ШАҺ ҒАББАС

«ИРАНҒАЙЫП ШАҺ ҒАББАС» -батырлық дастан. Арабтың «Мың бір түн» ертегісі сюжетіне құрылған дастанды Қарағанды обл. Қарқаралы қ-нда тұрған ақын М.Өндірбайұлы шығарған. Осы нұсқа1907 ж. Қазан қ-нда университет баспасынан » Қисса-и шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан. Дастанның қарқаралылық Мағзым Әбдірахманұлы 1932 ж. жинап тапсырған нұсқасы 1907ж. басылым мәтініне ұқсас,кейбір жеке сөздері мен сөйлем құрылыстарында ғана өзгешелік бар да,сюжетінде ерекшелік байқалмайды. Қоманов деген кісі 1930 ж. ел аузынан жинап алған «Иранғайып» деген жыр мазмұны осы Мағзым нұсқасына ұқсас,жекелеген сөз, сөйлем мәтінінде,кіріспе бөлімі мен соңында ғана өзгешеліктер бар. Екі қолжазба да Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. Шығарманың сюжет желісі «Мың бір түн» ертегісі мен «Шаһнаме» дастанының таңғажайып оқиғаларына толы, бас кейіпкер шаһ Ғаббастың сиыршы қызынан аңсап көрген ұлы Иранғайыптың есейе келіп әкесін іздеген кезде бастан кешкен ғажайып оқиғалары негізінде өрбиді. М.Өндірбайұлы жырлаған дастан нұсұасы 1995 ж. жарық көрген «Батырлық дастандар» жинағында (құраст. Ү.Субханбердина) жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *