ИРАН-ҒАЙЫП, Оразбаев Иранбек Әбітайұлы (7.6. 1947 ж. т.,Қызылорда обл. Сырдария ауд. Абай а.) -ақын, драматург. Қазақ политех. (қазіргі ҚазҰТУ) ин-тын (1970). Мәскеудегі Әдебиет ин-ты жанындағы жоғары әдеби курсты (1980) бітірген. Қызылорда обл. «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор,» Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі,Мәдениет к-тінің редакциялық-репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1998 жылдан Ғ.Мүсірепов атынд. Қазақ жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарған. Ақынның алғашқы жыр жинағы «Жүрек жырлайды» 1974 ж. жарық көрген. «Хан -Абылай -Сабалақ»,»Жәбек-шаған», Гүл-Нәр»,»Театр Романы»,»Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы»,»Махамбет», «Кашғария», «Былыққа батқан қала»,»Керкеткен»атгыдрам.дастандары бар. Қазақстан Жазушылар одағы сыйл. (1986). ҚР Мемл. сыйл. (2002) лауреаты.