ИМАНҒАЛИЕВ Қибат Бәйішұлы

ИМАНҒАЛИЕВ Қибат Бәйішұлы (28.11.1930. Бат. Қазақстан обл. Қазталов ауд. Мешіткөл а. -21.2. 2000. Алматы) -аудармашы, баспагер, ақын. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1984). Алматы эоотех.-мал дәрігерлік ин-тын бітірген. Қазақтың мемл. кітап баспасында редактор, 1960-68 ж. «Қайнар» а. ш. баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1968 -72 ж. «Қазақ энциклопедиясында» ғыл. редактор, «Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымының жаршысы» журналында бас редактор қызметін атқарған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Ұстаз» 1962 ж. жарық көрген. Акад. Иванов пен Бальмонттың Қазақстанға қатысты 17 құнды еңбегін қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ, «Жас жүрек», «Шабыттың қайнар бұлағы», «Жырға сапар» жинақтарына өлеңдері енген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *