Ей, тізгінсіз арпалысқан дүлей, мылқау, тасқындар

Ей, тізгінсіз арпалысқан дүлей, мылқау, тасқындар,
Шырт ұйқыдан шошынғандай қайда тулап қаштыңдар?
Мөңкігенмен, жөңкігенмен барар жерің белгілі,
Байқасаңшы, байқұстар-ау, жұтып қояр аш құмдар.
Толқындарды топырлатып үйіргенмен қамшыңды,
Мына жалған сенен гөрі алымды да аршынды.
Қара күшке малданғанша, ойлап өлмес күніңді,
Кепкен талдың тамырына тапсырып кет тамшыңды.
Өлмес өмір алмасудан, жалғасудан басталар,
Қылайғанды қырып-жойған өзіде жер жастанар.
Аспанға атып қойдай тасты, арсы-гүрсің шыққанмен,
Жеме-жемге келген кезде су сарқылып, тас қалар.
Таудан төмен түскен сайын асау арын басылар,
Айдалада иранбақтың қақпасы жоқ ашылар.
Тажалды да жалмайтұғын әзірейіл табылар,
Ажал іздеп жүрген бұқа арыстанды басынар

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *