Жоғалмас менің бар ізім,
Қызым сол, қызым нәзігім.
Тағдырдың қолы тас қысқан,
Басымды бердім. «жазығым»
Нәзікке ешкім тимесін,
Жаңбырдай жаным-күй көшім.
Жек көрмес құдай пендесін,
Өмірді адал сүйгесін.
Қызына әке сеніп тұр,
Сағыныш жаққа келіп тұр…
Ес білген сәтте жаттап ал,
Өлеңмен бұрым өріп тұр…
Нұрлан Хасиханұлы.