ЖЫР ШАШУ

Соққан кезде ызғарлы саясаттың дауылы,
Арғы бетке аунаған қажылардың ауылы.
Ақсұңқардың түк етпес қауырсыны жұлынса,
Хас тұлпардың білінбес арқасының жауыры…
Өтті бастан күркіреп замананың нәубеті,
Қаулап өсті қайтадан әулиенің әулеті.
Аққу ұшып, қаз қонған шалқар көлдің суындай,
Шартарапқа жайылып, шалқып отыр дәулеті!
Ұлылардың рухын медет тұтар тек қана,
Ұрпақ қамын ойлаған текті әке мен текті ана.
Қанатынан жел есіп, сан қиырда самғап жүр,
От басынан өрбіген балапандай топ бала

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *