ЖЫР ШАШУ

«Бісмілла!»–деп сыйынып, ауызға алып Алла атын,
Қызыл тілім толғасын
Құл-Мұхаммед зәузәтын.
Қызыр баба о бастан тірісіне бақ сыйлап,
Өлісіне бұйыртқан о дүниенің жәннатын.
Желкілдейді үкісі түлеп ұшқан ұяның,
Терең тартқан тамыры тарам-тарам мияның.
Жетпіс бесте жайнаған, тұғырынан таймаған,
Тұрпатынан танисың шын асылдың тұяғын.
Бір Алладан адамның жұлдызының жанбағы,
Жетпіске кеп, жарқырап қасында отыр жан-жары.
Абрардай әкенің, Гүлғасылдай шешенің,
Алма ағаштың мәуелі бұтағындай жан-жағы.
Көш бастаған Мірхалид Абрардың бабасы,
Мұхаммедтің үмбеті, мұсылманның баласы.
Құл-Мұхаммед-атасы, өз әкесі-Әкетай,
Саф алтынның сарасы, ешкімнің жоқ таласы!

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *