Шыбын жанға тіршілікте азап бар

Шыбын жанға тіршілікте азап бар,
Күнәліге қияметте тозақ бар.
Күмбір-күмбір кісінейді түсімде,
Аспан жақтан аппақ сүттей боз аттар.
Жоқ олардың жермен ешбір шатағы,
Тұяқтары бұлттан ұшқын атады.
Аппақ болып сол аттардың үстінде,
Әулиелер кетіп бара жатады.
Ақ құстардай самғағанда пырақтар,
Жарқырайды аспандағы шырақтар.
Қиқыметтің ұшығына шыға алмай,
Қу жанымды қинайды мың сұрақтар

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *