Өрге шапқан тарландай тарылады тынысым

Өрге шапқан тарландай тарылады тынысым,
Қызыл қанға малғандай батыс пенен шығысым.
Дүлейдіде жел келеп жүгендейтін күн туар,
Түгендейтін қазақтаң өлісі мен тірісін.
Алты айшылық алысым, жеті күндік жүрісім-
Атырау мен Алтайға шалқып жатқан ұлысым!
Бөрі басты байрағым көкке қарап ұлыса,
Найзағай боп жарқылдар жасырулы қылышым!
Қаратаудай күңіренсем, қара түнге қосылам,
Алатаудай тебіренсем, көшкен бұлттай жосылам.
Алашым деп азаптың ажырығын арқалап,
Батқан күндей түнеріп, шыққан күндей ашылам!
Көрінгеннің алдында көк желкесін қасыған,
Біздің тағдыр тастар ма таз кепешін басынан?
Ақ бәкісі Абайдың кіндігімді кесіпті,
Кемеңгердің дәм татқам, Қызыр қонған қосынан!
Құлағыма келеді әлде кімнің дауысы,
Қош-есен бол, әулие, мен бір жаққа асығам!
Бағытымды баратын сізден несін жасырам,
Іздегенге табылам Абай атам қасынан!
Қолқанатпын рухына, жетсе шолақ өмірім,
Абай-менің Тәңірім, ғұзырына бас ұрам!

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *