ҚЫРМАН БАСЫНДА

 

Қызу қарқын, көңіл шат,

Шығады жарқын дауыстар.

Ұштасқан қимыл қат-қабат,

Еселенген екпін бар.

Бұлшық етті білектер,

Еңбек сүйгіш жүректер.

Жойқын күш үдей түседі,

Шыққан сайын ашшы тер.

Молотилка үйіріп,

Төгеді меруерт алтын дән.

Жал-жал астық үйіліп,

Қырманға көрік берді сән.

Қарт колхозшы Есімхан

Қолынан түспей күрегі.

Бойына еңбек тым жаққан,

Жарқырап жүзі күледі.

Тау жақтан кенет жел тұрып,

Қыздырды еңбек қызуын.

Есекең де желпініп,

Ұшырып жатты қызылын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *