НЫСАН АБЫЗ

Қылыш жалды қия тас-жүрер жолың жалама,
Барар жерің белгілі, болашаққа сенгенмен.
Көп шиырлап шығарсың сиқырлаған шеңберден,
Мысық бүрген торғайдай құтыларсың шеңгелден.
Өмір екі келмейді, дүние боқты тергенмен,
Жанның нұры сөнбейді, жаққан отың сөнгенмен.
Ақ жүзіңді жасырып, жер бесікке көмгенмен,
Аңырайды үкілі тал бесігің тербелген.
Қарлы боран үйіріп, құзға қатер төнгенмен,
Сұңқар сірә тастамас өз ұясын жем берген!
Жаралғалы жалғанның тетігі жоқ жөнделген,
Жете алмассың мұратқа желге мініп желгенмен.
Келе жатыр бір зұлмат кең жаһанға қонаққа,
Көкірегі–көрлақат, екі көзі шелденген.

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *