Бұдыры болат бедерлім,
Бағасы қымбат беделдім.
Қарасы өшсе төбеңнің,
Көзімнің жасын төгермін.
Сұқсырдай судан сурылған,
Толқынның төсін сөгермін.
Кімдерді қалай қылмағы,
Қолыңда
Тәңір шебердің.
Шоқтығы биік көк шоқы,
Мұжылып, міне,көнердің.
Жұртында қалған көненің
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ