Тарылған іргең кеңеймей,
Тарыққан көңіл жырғай ма?
Арпалыс көрмей азамат,
Арғымақ атты ылғай ма?
Жалғыздың үні мыңдай ма,
Жібектің жібі қылдай ма?
Ұлыған үрей ішіңде,
Жараңның аузын тырнай ма?
Талауға түскен тұлпардың,
Тұрманы бәлкім жұрдай ма?
Батқанда бәрі шымбайға,
Батамын менде түрлі ойға.
Көнеден калған күмбездер
Шағады мұңын түнгі айға.
Күмбірлеп шыққан қоңыр үн,
Күңіреніп барып тынбайма?.
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ