ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА – АҚПАРАТ ПЕН БІЛІМ ОРДАСЫ

 

 

 

 

           ХХІ ғасыр рухaният, мәдениeт, ақпaрaт ғaсыры екені әлeмдeгі aдaмзатқа бeлгілі.  Қай қоғамның тұрaқты дaмуында мәдeниеттің aлaр орны зoр eкeнін aлғa тaртсaқ, бiздiң рухaни тынысымыздың өзeкті мәсeлeлeрінің бiрi – кiтапхaналaр жaғдaйы.

  Кітапхана дүниeдe eштeңe тeңeстiрiлмeйтін білім бұлaғының көзi, ғaсырдaн ғaсырға aдaмзaт тaрихының кeруeнін сүрiндiрмeй әкeлe жaтқaн шырaғы биiк, пaрaсаттылық пeн бiлiмдiліктiң, бiлiктiліктiң киeлі oрдaсы.

 Бүгiнгi тaңдaғы қoғaмдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Заманауи қоғам – ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттық, мәдени-ағарту орталығы болып табылатын заманауи кітапхана – бұл мәдениеттің, ғылымның әлеуметтік институты және кітапхана саласындағы озық технологиямен жұмыс жасауды талап етеді.

Кітапхананың саны, сапасы және оның жұмыстарын ұйымдастырумен халық мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Кітапхананың жай-күйі арқылы мемлекеттің мәдени деңгейін байқауға болады. Кітапхана- мәдениетті дамытатын, оның жетістіктерін марапаттайтын әмбебап құрал. Кітапхана мәдени жетістіктерді құжат түрінде тіркеуге, оны басқа мекемелерге қарағанда әр адамның санасына жеткізуге мүмкіндік жасайды. Оның қорында халықтың өткені мен болашағы сақталған. Адамдардың мәртебесі, лауазымына қарамастан, халықаралық кітап мәдениеті әлеміне тең дәрежеде енуіне, яғни, кітапхана әлеуметтік теңдікті, әлеуметтік әділеттілікті реттеуші қызмет атқарады.

        Менің ойымша, қазіргі кітапханалар – ақпараттық мәдени – ағартушылық, ғылыми зерттеушілік мекеме болу керек. Қазіргі сұраныс технологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануды қажет етеді.

Қазіргі уақытта кітапханаларды интернет желілеріне қосу, ақпараттандыру ісі кеңінен өріс алып қолданылуда. Кітапханадағы интернет – тұлғaның мәдeниeтiн қaлыптaстырудағы арнайы технология жүйесі. Мұндағы интернеттің мақсаты жаңадан пайда болған ақпараттық әдістерді қолдануын түсіндіріп және ақпараттарды өңдеп, пайдаланушыға ақпарат көздерін нақты әрі тиімді жолмен ұсыну болып отыр. Интернет желісі – бүкіл әлемдік ақпараттық байланыс өрнегі. Интернет желісі – кітапхана саласының жаңа заман талабына сай дамуына алып келетін бірден-бір жол.Интернет желісі ақпарат іздеушіге кез-келген уақытта тиімді әрі жылдам ақпарат көзін тауып бере алады. Сонымен қатар кітапханаға басқа кітапхана жүйесімен байланыс орнатуға, сонымен қатар серіктестік қарым-қатынас орнатып, сапалы білім, таза ақпарат көздерін бере алатын көптеген кітапханалармен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндіктер береді[4].

Кітапханашылар жаңа технологияларды игерген компьютер маманына айналды, болашаққа жаңа міндеттер мен талаптар қойылды. Дәстүрлі оқумен қатар жаңа технологиялар игеру негізіндегі жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.

        Ақпарат пен білімді ұштастыру нәтижесінде оқырмандарға ақпарат беру, іздестіру жұмыстары бойынша қызмет көрсету көлемі артты. Қазіргі таңда білікті де білімді мамандар дайындау үзіліссіз дамып  келеді. Білім,білік, дағды алмасу жұмыстары, әртүрлі ғылыми конференциялар жылдық жоспарға еніп мақсатты түрде жүргізілуде.

Менің пайымдауынша, болашақта библиограф — кітапханашылар басқа құрылымдар мен жүйелерге де қажет болады. Бұл қажеттілік кітапханашы мамандығына тікелей әсер етеді.

Кітапханашы мамандығы үшін кәсіби біліммен қатар, жаңа техникалық құралдарды меңгеру, ақпараттық технологияның көмегімен жоғары сапалы ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, оқырман сұранысын қанағаттандыру, кез-келген оқырман категориясымен жұмыс жүргізе алу, ұдайы өз білімін жетілдіріп отыру- бүгінгі заман талабы. Осыған орай, ағымдағы жылда компьютерлік сауаттылықты жетілдіру аясында барлық кітапханашыларға курстық сабақтар теориялық және практикалық жүйеде өткізілуде. Нәтижесінде кітапханашылар оргтехникамен,  РАБИС,MS Word, MS Excel, Power Point тағы да басқа бағдарламаларымен қатар браузерлермен, іздестіру жүйесімен, әдістемелік құралдар  жасау, кітапшалар, жылнамалар жасауды жетік меңгерді.

        Американдық библиограф, кітапханашы М.Дьюидің мына бір керемет сөзі:  «Кітапханашы- энтуазист, өз ісінің білгірі, оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуші, көпшілік пікірін қалыптастыра алатын маман иесі» демекші, бүгінгі таңдағы кітапханашының мына бір ұранымен тұспа- тұс келеді:«ақпарат кез келген жерде, кез келген уақытта», «сапалы да жылдам қызмет көрсету»[1,20].

     Кітапхананың бүгінгі таңдағы  дамуының күн тәртібіндегі бірінші кезекте тұрған мәселесі бұл —  кітапханалық бағдарламамен толық қамтамасыз етілу, сондай-ақ виртуалды анықтама, құжаттарды электронды түрде жүргізу, түрлі әлемдік мәліметтер базасына, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу, кітапхана сайттарының функциясын кеңейту сынды өзекті проблемалар тұр[2,24].

    Технология жетістігіне қарай қазіргі қазақстандық кітапханалар да өзгеше сипат алып отыр.  Кітапханалық қызмет арнасы кеңейді. Заман ағымы пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету деген әдісті әкеліп қосты. Қазақстан кітапханаларын ақпараттандыру үздіксіз процеске айналды. Қазір кітапханалар ақпараттық ресурстарының мүмкіншілігі артқан орталықтарға айналуда.  Яғни заманауи ақпараттық электрондық орталықпен көпшіліккке заман талабына сай қызмет көрсетеді. Ал оқырмандар қашықтан тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болды. Бұл – электронды каталог жүйесін енгізудің жемісі.

           Қазақстандағы көптеген кітапханалар арқылы Қазақстан Ұлттық Электрондық Кітапхана қорына тікелей және ақысыз қол жеткізуде. Электрондық кітапхана (ЭК) — оқырмандарға қызмет көрсету барысында жан-жақты мүмкіндіктер жиынтығын қолдану аясын кеңейтеді. ЭК — сонымен бірге қордың бір бөлігі, әрі ақпараттық технологиялардың жаңа элементі. ЭК-ның мәлімет базалары бағдарламалық-техника жиынтығын қолдана отырып құрастырылады, құжаттарды машина оқитын түрге айналдыру жұмысы жүзеге асырылады, құнды топтамаларды сақтау және олардың электрондық көшірмелерін жасау арқылы сирек әдебиеттерге, басқа да мәліметтерге еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету, жеке жинақтарды құру сияқты жұмыстарды атқарады. Оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетудің дәстүрлі түріне қарағанда электрондық жүйеге негізделген қызмет түрлеріне деген қажеттілік артып отыр. Кітапхана ісін автоматтандыру, қағаз түріндегі дәстүрлі ақпараттық қорларды электронды түрге көшіру, электронды каталогтар, библиографиялық дерекқорлар жасақтау, интернет желісінің көмегімен ақпарат алмасу – кітапханалардың басты міндеті болып табылады.Біз ҚазҰЭК порталы арқылы бүкіләлемдік сандық кітапхананы құру жобасына қатыса аламыз. Бүгінде ҚазҰЭК қорына арнап 200 000 аса бет цифрланған. Бұлар- Қазақстандық кітапханалар қорындағы тарихи және ғылыми мәндегі сирек басылымдардың электронды көшірмесі.

 Кез келген кітапхана үшін каталогтың маңызы ерекше. Өйткені кітапханашылар оқырмандарға тек каталог арқылы қызмет көрсете алады. Яғни, кітапхана каталогсыз болуы мүмкін емес, ол кітапхана қорын жан-жақты ашып, қор туралы ақпарат береді. Енді бүгінгі таңда дәстүрлі каталогты ақпараттық технология дәуіріне сай етіп электронды каталогқа ауыстырылып қолдануда.  Электронды каталог арнайы бағдарлама арқылы іске асады.

    2000 жылы ҚР Кітапханашылар Ассоциациясының Президенті Роза Бердіғалиеваның жетекшілігімен қазақстандық кітапханалық «РАБИС» бағдарламасы әзірленген болатын. Қазіргі таңда еліміздің көптеген кітапханалары осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Электронды каталогтың тағы бір ерекшелігі , белгілі бір құжат туралы ақпарат  беріп отырған библиографиялық жазбаның кез келген элементі іздеу элементіне айналады, әрине бағдарлама арқасында. Кітапханалық каталогтардың электронды нұсқаға көшуіне байланысты библиграфиялық жазбалардың бірнеше стандарттарының орнына қолданатын біріктірілген  «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама» ГОСТ 7.1 -2003. стандартын қолданамыз[3,4]. Мәселен, оқырман өзіне керекті кітаптың авторын немесе атын білмейді тек саласын, баспасын немесе шыққан жылын ғана біледі делік. Баспасы, шыққан жылы не тақырыптық саласы бойынша ізденуіне мүмкіндік бар. Электронды каталогтан авторы, кітаптың аты, шыққан жылы, баспасы, тақырыптық айдары бойынша іздестіру жүргізіледі.

Кітапхана пайдаланушысы мынадай материалдарға тапсырыс беруіне болады:

— кітаптарға, диссертацияларға,авторефераттарға;

— ноталық басылымдарға, аудио- бейне құжаттарға;

— электронды ресурстарға.

    Кітапхана каталогы Интернетке қосылған қазіргі жағдайда оқырман үйінен алыстамай-ақ қалаған уақытына  кітапқа тапсырыс бере алады.Егер кітаптың толық электронды көшірмесі болса, онда  үйінде пайдалануға мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда әрбір кітапхананың мультимедиялық бөлімі бар деуге болады. Сонымен қатар кітапханалардың  веб сайттары да қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. Кітапхана веб-сайтының болуы – маңызды қажеттілік деп тануымыз керек. Бұл қазіргі заманның басты талабы. Біз жаңа ұрпақтың әліпбиінде кімге «Я» әрпі – Яндекс болса, «К» әрпі – интернеттегі кітапхана сайты ұғымы болуын қалыптастыруға тиіспіз.

Сонымен қатар қазіргі кезде жаңа автоматтандырылған кітапханалық жүйелер мен бағдарламалар көмегімен кітап қорынан «телелифттер» арқылы кітаптарды жеткізу мен виртуалды оқу залы, яғни кітап қорына қашықтан қол жеткізу қызметтерін атқарады[4].

Қазіргі қоғамның тағы бір ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беріп, оларға көмек көрсету. Бұл жандарға қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, олардың рухани-мәдени азық алуына да жағдайлар жасалған. Мысалға алатын болсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға кейбір кітапханаларда арнайы бағдарламалар ашылып, («Жанашыр» бағдарламасы т.б) заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл ретте зағип және нашар көретін жандарға арналған бірнеше форматтағы, яғни нүктелі-рельефті, ірі шрифтілі және сандық-аудиолық шығарылымдарын атап көрсетуге болады. Бұл құралдардың ерекшелігі көзі көрмейтін, нашар көретін, естімейтін мүмкіндігі шектеулі жандарға берер көмегі мол.

 Қорытындылай келе, кітапхана- ежелден келе жатқан білім ғибадатханасы деуге болады. Егерде осы уақытқа дейін керек кітап үшін қанша мыңдаған шақырымдарды басып өтетін болсақ, қазір ол әркімнің үйінде дей аламыз. Өзіміз білетіндей әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл Фараби Отырар кітапханасында керегінің бәрін алғасын, өзінен қанша шақырым алыстағы Орта ғасырлардағы ең үлкен кітапхана орналасқан Шам шаһарына сапар шегеді. Ал осы мысалды ескере отырып қазіргі кітапханаларға қарасақ, жеңілден жеңілі жоқ секілді. Қазіргі кітапханалар ғаламтор дәуірінің сынына ұшырап, өз эволюциясынан өтіп, жаңа деңгейді бағындырды. Қазіргі кезде керек кітабыңды ғаламтор желісінен электронды түрде жүктеуге немесе желіде отырып оқуға болады, кітаптың дыбысталуын (аудиокітап) жүктеп алып оқуға болады. Бұдан байқайтынымыз бұл жаңа ғасырдағы заманауи кітапхананың инновациялық шыңы деп пайымдауға болады.

Осылайша XXI ғасыр кітапханалары ғылым мен инновацияның жаңа деңгейіне жетіп, еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуына өз үлесін қоса бермек.

 

 

 

 

                                                     Әдебиеттер

 

1  Шортанова А. Ақпараттық қоғамдағы дамушы кітапханалар: болашағы мен болжамдар/ Кітапхана. — 2009. —  №1.- 20 б.

2  Алпысбаева Г.Б. Достық дәнекері-ғаламтор/ Кітапхана әлемі.- 2010.- №4 [32].- 24 б.

3 Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана жобасы жемісті жүзеге асырылуда/ Кітапхана.-  2008.- №4.- 4 б.

4  http://kazmkpu.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *