ИЛАХУН Хуршида

ИЛАХУН Хуршида (1940 ж.т., ҚХР, Құлжа қ.) -ақын. Үрімжі қ-ндағы Шыңжаң ұлттар ин-тын бітірген. 1963 ж. Қызылорда обл. «Бірлік» кеңшарына көшіп келіп, ол жерде агроном, 1970 жылдан Алматыдағы «Коммунизм туғи» («Ұйғыр авази». «Йеңи һаят») газетінде тілші болып жұмыс істеген. 1953 ж. тұңғыш өлеңі Құлжа қ-ндағы «Или» газетінде жарияланған. «Мәдһийә» (топтама жинақ, 1970). «Анилар авази» (1978), «Бесік жыры» (1988) жинақтары, «Мейірбұлақ», «Намаз дөң», «Исъян» дастандары жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *