ИБРАГИМОВ Ғалымжан Ғирфанұлы (12.3.1887. Башқотостан, Ауырғазы ауд. -21.1.1938) -татар жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері,татар әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Соц. Еңбек Ері (1928),Орынбор медресесін (1905), Уфадағы «Ғалия» медресесін (1909) бітірген. Ұлттар ісі халкомындағы мұсылмандар комиссариаты төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қазақ ауылдарында және Уфадағы «Ғалия» медресесінде ұстаздық еткен. «Тәнім -татар, тілім -башқұрт,ойым -қазақ», «тіліміз әр түрлі,ойымыз -біртұтас» деген ұстаныммен түркі жұртының бірлігін уағыздаған. И-тың тұңғыш шығармасы -«Зәки шәкірттің медреседен кетуі»(1907) әңгімесі, «Татар әйелдерінің тағдыры» (1911), «Табиғат перзенті» (1914), «Жас жүректер» (1912), » Біздің күн» (1920), «Қызыл гүл туралы аңыз» (1922), «Терең тамырлар» (1926-28), т.б. шығармалары бар. И. көркем шығармалардан басқа татар философиясынан «Татар орфографиясының принциптері» (1924), «Әдебиет теориясы» (1916), «Ана тілін оқытудың әдістемесі» (1938), тарихтан «Татар студенттерінің қозғалысы тарихынан» (1922), т.б. еңбектер жазған. 20 ғ-дың 30-жылдары жалған айыппен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаныболған. И-тың «Терең тамырлар» (1936), «Қазақ қызы» (1960), «Біздің күндер» (1971) романдары қазақ тілінде жарық көрген.