ЗІКІБАЕВ Есләм (5.6.1936. Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Өрнек а. -12.4.2002) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1961). 1961 -73 ж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Соцалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1973 -76 ж. Қазақстан Баспа,полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі
мемл. к-тінде бөлім бастығы, 1976 -81 ж. «Жалын», «Жазушы» баспаларында редакция меңгерушісі, 1981 -83 ж. «Кітап жаршысы» -«Друг читателя» газетінің бас редакторы, 1984 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Алғашқы өлеңі «Анама хат» 1958 ж. «Жұлдыз» журналында жарияланған. Замандастар өмірін, туған елді, табиғат көркін, достық пен махаббатты, адамгершілікті жырлаған «Аққайыңдар» (1975),»Аққуарман» (1977),»Мен космонавт боламын»(1978),»Ақ кайнар» (1979), «Ақайдын» (1980),»Ақ сағым» (1985),»Адамға сенем» (1989. орыс тілінде),»Құс ғұмыр» (1991)жыржинақтары жарық көрген. Серб жазушысы Змайдың шығармаларын,Түркімен ақыны Қ.Құрбаннесеповтің «Құм жыры» (1978. Д.Қанатбаевпен бірге), башқұрт ақыны Ш.Бикколдың «Аппағым» (1981),»Жүрегімнің жарығы»,қырғыз ақыны Ж.Садықовтың «Тау жолы» (1986) жыр кітаптарын қазақ тіліне аударған. Бірнеше өлеңдеріне ән жазылған. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.