ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИДЕН әл-Омскауи (1881. Ақмола обл. Көкшетау ауд. бұрынғы Саға а. -1920. Ақмола обл. Көкшетау ауд. Сиыршы а.) -қазақ жазушысы, педагог. Қызылжарда (Петропавл) оқып, Уфадағы «Ғалия» медресесін бітірген (1916). 3.-Ғ-нің негізгі еңбегі «Насихат қазақия» (1909) Уфада жеке кітап болып шықты (1909). Бұл кітапқа автордың мәдени ағарту саласындағы тілек-талаптары мен ана тілін ардақтау, сөз өнерін дамыту ойлары енген.