ЗВЕРЕВ Максим Дмитриевич (29.11.1896. Ресей, Ажай өлкесі,Барнаулқ.-22.1.1996. Алматы) -Қазақстан халықжазушысы (1987). Томск ун-тін бітірген (1923). 1923 -37 ж. Сібір өсімдік қорғау ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. қызметкер, Новосібір қ-лық хайуанаттар паркінің директоры,Томск ун-тінде доцент болған. 1937 ж. Казақстанға қоныс аударып, 1937-52 ж. Алматы хайуанаттар паркінде ғыл. бөлімнің меңгерушісі, директоры,ҚазҰУ-да доцент
қызметтерін атқарған. 30-дан астам ғыл. еңбек жариялап,20-ға жуық ғыл.-көпшілік кітапшаларын шығарған. Алғашқы көркем шығармасы «Ақ марал» 1929 ж. жарық көрген. «Індерде және ұяларда» (1939), «Ормандағы кездесулер» (1938), » Алатаудың қорықтары» (1946), «Ертіс торғайлары мен далаларында» (1950), «Тандамалылар» (1956), «Көкпектің аңшысы» (1963), «Көзге көрінбестер ізімен» (1971), «Таулы шыңның қожалары» (1972), «Жаңа қоныста» (1972), т.б. кітаптары шыққан. «Ақдақтың ақыры» повесі. «Тасқында» (қазақ тілінде, 1960) жинағы үшін РСФР Оқу мин-нің (1959) сыйл. алған. Балаларға арналған «Қанатты тарту» атты түрлі-түсті көркем суретті және бірқатар ғыл.-көпшілік фильм сценарийлерінің авторы. Көптеген шығармалары шет ел халықгары тілдеріне аударылған. 2 рет «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» (1986), «Халықтар достығы» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1982).