Математикадан мұғалім “көзге көрінетін” нәрселерді тақтаға сызып жатып, “арамызда намаз оқып, көзге көрінбейтін заттарға сенетіндер де бар шығар”, – деді. Бір оқушы орнынан тұрып: – Әрине, – деп жауап қайтарады. – Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ондай адам ақылсыздың ең ақылсызы болып саналады. – Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұстала ма, ал бір кедейге садақа беріп тұрғанда оған деген жанашырлығыңызды шығарып үстелге қоя алар ма едіңіз? – дейді.