Будданың ұлы тәмсілі

Бір топ адам бар дауысымен айқайлап, Будданы жаман сөздермен балағаттайды. Будда болса еш жауап қайтармай үндемей тұрады. Будданың шыдамдылығына қатты жыны келген біреу: “Әй, саған айтып тұрмыз ғой! Айтқандарымызға құлақ аспайсың түк те! Не дегенімізді түсінбей тұрсың ба әлде?” – дейді.

– Мені жамандау не жамандамау – өз еркіңіз,- дейді Будда,- ол реніш сөздерді қабылдау не қабылдамау болса – менің еркім. Айтқандарыңызды қабылдамаймын. Өз сөздеріңіз өздеріңізге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *