Білгір адамға келіп біреу сұраған екен:
– Дүниеде кімді жақсы көресіз?
– Тігіншімді.
– Дүниеде жақсы көретін ешкіміңіз жоқ па, тігінші дегеніңіз қалай?
– Иә, мен тігіншімді жақсы көремін. Өйткені оған әр барғанымда ол менің өлшемдерімді жаңадан алып тұрады. Басқалар болса ондай емес. Мен туралы бір рет үкім шығарды ма, өлгенше сол ойларынан қайтпайды, үнемі мені солай ғана көреді.