– Түсінбеймін: кедейге барсаң – ақжарқын, қолдан келгенше көмектесуге асығады. Байға барсаң – көкіректеніп, сені тыңдамақ түгіл, байқамайды да. Шынында да ақшаның әсері осыншалықты күшті ме не?
– Терезеге қарап не көріп тұрғаныңды айтшы?
– Бір әйелді баласымен, базар жаққа кетіп бара жатқан арбашы …
– Жақсы. Енді айнаға қара – не көріп тұрсың?
– Айнадан не көруші едім? Өзімді ғана.
– Негізінде терезе де әйнектен, айна да әйнектен жасалынған. Алайда, аздап күміс себілген әйнектен – өзіңнен өзгені көре алмайсың.