Бір күні жұмыстан үйге қайтып келе жатқанымда аулада футбол ойнап жүрген балаларды көрдім. Ойындарына қызығып, футбол алаңы сыртында отырған балалардың қасына барып ойын есебін сұрадым. «4-0 жеңілудеміз», – деп күлімдеп жауап берді балалардан біреуі…
– Расында ма? – дедім, – ондай есепке қапа болғанға ұқсамайсың?
– Неге қапа болайын? – деп таң қалды бала, – ойынның бастағанына 5-ақ минут болды ғой.