Аборт

Жас әйел сәбидің сұлулығына қарап елтіп отырады. Сәби өзінің қара шашы, үлкен қарақат көздері, пұшық мұрны және сүйкімді еріндерімен басқа әлемнен келген періште тәрізді. Мұншалықты әдемі сәбиді бұрын-соңды ешбір жерде көрмеген әйел үшін бұл сәби дүниенің ең әдемі сәбиі болғаны сөзсіз. Әйел кішкентай қыздың бетінен құшырлана сүйіп, иіскеп алғысы келсе: “Маған жақындама!” – дегенді естиді. “Мені құшақтауға еш хақың жоқ…” Әйел селт етіп жан-жағына қарайды. Бөлмеде сәби мен өзі ғана, басқа ешкім жоқ. Дауысты қайта естігенде, қорқып бұрылып сәбиге қарайды. Құдайым-ау! Жаңа туған сәби ме сөйлеп тұрған!? “Маған жақындама, қаламаймын”, – дейді сәби, “тез арада кет қасымнан…” Әйел сәл өзіне келіп: “Балаларымыздың бәрі де ұл”,- дейді. “Олар да өз бетінше әдемі, бірақ қыз балалар ерекше сұлу, сондықтан сені қапсыра құшақтап, сүйгім келді”. “Сүйе де алмайсың”, – деп жылайды сәби. “Сен мені сүйе алмайтыныңдай, мен де сені сүйе алмаймын…ешқашан!” “Неге!!?” “Себебін сен де білесің!” – деп зар жылайды сәби. Себебі не болуы мүмкін деп тұрғанда, әйел есін жинайды. Ақылы емхананың ең қымбат бөлмесінде жатыр екен. Наркоздың әсерінен оянғаны осы. Өз ісінің жақсы бір маманы болып танылған дәрігер әйелге бұрылып: “Құттықтаймын, аборт сәтті өтті. Айтпақшы, алдырған балаңыздың жынысы қыз еді“, – дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *