Кәрі ағаш — ата-ана

Ерте-ерте-ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.
«Менімен ойнашы!», деп сұрайды ағаш.
«Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді», жауап береді жігіт, – «Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ».
«Қап, менде де ақша жоқ… Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақша жасай аласың».
Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрк етеді. Қайтып ол жерге оралмады. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді – кешегі жігіт енді ер болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.
«Менімен ойнашы!», сұранады ағаш…
«Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, бала-шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?»
«Кешір… Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады… »
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.
Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.
«Балам, кешір. Саған беретін ешнәрсем қалмады. Алма да жоқ…»
«Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім да қалмады..»
«Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ…»
«Ойын үшін тым кәрімін…», дейді адам.
«Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұнайтады. Барым – кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана», деді ағаш көзге жас алып. «Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты…»
«Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой…» – дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады…

Ағаш – біздің бақытымыз үшін барын беруге даяр ата-анамыз…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *