Ана жүрегі

Үйдің телефоны таңға жуық, сағат 03:30-да шырылдады. Ұйқылы-ояу телефон тұтқасын көтеріп, анасының дауысын естиді. Оның “Балам, қалайсың?” – деген сұрағына назданып “Не болып қалды тағы?! Тыныштық па?” – дейді. “Тыныштық қой. Жай ғана дауысыңды естігім келді”, – дейді анасы. “Мама, түн ортасында сол үшін ғана телефон соқтыңыз ба!?” “Ұйқыңнан оятып жібердім бе?” – деп сұрайды анасы, бұл сұрағына одан ары ашуланған баласы “Әрине! Таңертең телефон соқсаңыз да болар еді ғой!” – деп еді, анасы “30 жыл бұрын сен де мені тура осы сағатта оятқан болатынсың. Туған күнің құтты болсын, балам!” – дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *