Ерте ерте ертеде.. бір елді-мекенде құрғақшылық басталады. Тұрғындардың бәрі бұдан зиян көрсе де, шарасыз болады. Ақыры жұрт барлық дертке дауа болатын Жаратушыға бет бұрады. Үлкені бар, кішісі бар бәрі Құдайдан жаңбыр тілеу үшін бір жота басына жиналады. Дұға оқылып бітпей жатып, тілегендеріне жауап ретінде, жаңбыр құя бастайды. Бәрі жаңбыр астында қалып су болады. Жиналған қауым ішінен бір қыз ғана үйінен қолшатыр алып шыққан екен…