ЖЫРАУ -өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Ж. атауы «жыр» сөзінен туындайды. Махмұт Қашқари Ж. сөзін «йырағу» -өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ж-лар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Ж-лар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, кейде, батыр, қолбасы бола жүріп, ел қорғау азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған. Ж-лар қолданған көркемдік тәсілдер оның поэзиясының ішкі мазмұнына орайлас. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына, т.б. жайларға қарай болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) -көне дәуір Ж-ларына тән қасиет. Әйткенмен Ж. бағзы замандардың өзінде, ең алдымен, сөз зергері ретінде танылды. Туындылары адам көңілін дөп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен,
аз сөзге көп мағынасыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және қуатты серпінділігімен ерекшеленеді. Ж-лық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Түркі қағанатыныңтарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаны Қорқыт Ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында Ж-лар шығарм-ғы үлкен бір кезеңді қамтиды