ЖҮСІПОВ Мұзарап (14.10.1905. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. -21.3.1972. сонда) -ақын, әнші, композитор, күйші, фольклорлық мұраны жинаушы. Ауыл мекгебінде мұғалім (1926 -36), есепші болып қызмет істеген (1936 -43). Өнерде әкесі Жүсіп пен Ешнияз салдың жолын ұстанған. «Тамшы» (1925),»Үш насихат» (1926),»Үш жұмыртқа» (1927),»Самұрық» (1948),т.б. дастандардың авторы. Бірнеше әндері «Тасқын»,» Үш бөлім»,»Жастармыз», «Балымша-ай» әндері мен «Көркем қыз», «Мұңлы қыз»,»Қаз дауысы»,»Шаттық» күйлері бар. Ақын он мың жолға жуық ауыз әдебиеті жәдігерліктерін жинастырып,Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорына тапсырған. Ж. туындылары «Пернедегі термелер» (1965),»Айтыс» (1966),»Ленин деп халық жырлайды» (1969). «Қазақтың қазіргі халықпоэзиясы» (1973) жинақтарына енген.