Жас сарбаздың достығы

Бір сарбаз өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге құлағанын көреді. Қызу шайқас кезі болатын. Капитанына жүгіріп келген, жас сарбаз:

– Жолдас капитан, досымды құтқаруыма рұқсат беріңіз, – деп өтінеді. Капитан “Ақымақсың ба!” дегендей көзқараспен жас сарбазға  қарап: – Басыңды қатерге тігуге тұрмайтын іс! Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге қоюшы болма!, — дейді. Бірақ жас сарбаз  баруым керек деп тұрып алады. 

Капитан: – Жарайды, барсаң бар, – деп рұқсат береді. Сарбаз төбеден жауған оқтың астымен жүгіріп жүріп, досын арқалап торуыл жаққа әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы сарбазының  жүрек соғысын тыңдайды да: – Саған “өміріңді қауіпке қойып баруға тұрмайды” демедім бе? Досың бәрібір өліп қалды, – дейді.

– Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, – дейді демін алған сарбаз.

– Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл сарбаз өлді, көріп тұрсың ба?!

– Бәрі–бір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды. Ол маған “Келетініңді біліп едім! Келетініңді білдім! Рақмет”. Бұл мен үшін алтын сөздер! 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *