ЖҮСІПБЕК БАСЫҒАРАҰЛЫ

ЖҮСІПБЕК БАСЫҒАРАҰЛЫ, Жүсіпбек Басығарин (т.ж.б.,Қызылорда обл. Сүлутөбе қонысы -1920. Ташкент) -ақын, аудармашы. «Қыз балаларға» (1913),»Боз-балаларға» (1914), «Жас әйелдерге» (1914) атты дидактикалық өлеңдері «Айқап» журналында,»Ақымақтарға» (1913), «Өлең-жыр» (1914), «Интеллигент» (1914),т.б. өлеңдері «Қазақ» газетінде,»Жазушыларға» (1917),»Отағасы» (1917),»Неғып жатыр?» (1917) өлеңдері «Алаш» газетінде жарияланған. Ж. Б-ның публицистикалық мақалалары өте көп. Ж. Б. Нысанбай жыраудан «Кенесары -Наурызбай» жырын жазып алып, 1923 ж. Мәскеудегі Күншығыс баспасынан шығарған. 1926 ж. Мәскеуден Ж. Б-ның құрастыруымен «Тазша (өтірік сөздер. өлеңдер)» кітабы басылып шыққан. «Тазша баланың қырық өтірігі» аталатын қазақ ертегісі тұңғыш рет осы жинақта жарияланған. Н. Төреқұлов, X. Досмұхамедов, А. Байтұрсынов, М.Шоқай, С.Қожанов, Ғ.Мұратбаев, т.б. қоғам қайраткерлері Ж. Б-ның шығарм. еңбегін жоғары бағалап,оған қолдау көрсетіп отырған. Ақынның әдеби мұрасы арнайы зерттелмеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *