ЖҮСІПБЕК Шайхысыламұлы. Жүсіпбек қожа (1854. Оңт. Қазақстан обл. Қызылқұм ауд. Қаратау өңірі, Қожатоғай қонысы -1937,Шыңжаң өлкесі, Құлжа обл. Қызылкүре ауд. Төрткүла.) -ақын, жыршы, ауыз әдебиетін жинаушы. Ауыл молдасынан хаттаныған,медреседе оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін меңгерген. «Тотынама»,»Мың бір түн», т.б. шығыс аңыздарының сюжетін нәзира әдісімен қазақтілінде қайта жырлаған. 19 ғ-дың 90 ж. бастап Санкт-Петербург,Қазан,Уфа,Ташкент қ-ларында қисса-хикаяттар мен дастандарды,әр түрлі айтыстарды жеке кітап етіп бастырумен айналысқан. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерген. Ж. шығарм.-ғының бір қыры -айтыс. «Жүсіпбек қожа мен Шөкей қыздың айтысы» (1910) жеке кітап болып. Қазанда басылып шыққан. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыруда Ж. үлкен еңбек сіңірді. Қазан, Уфа,Ташкент,Санкт-Петербург қ-ларында жырлары мен дастандары жиі жарияланып тұрған. «Қыз Жібек» (1894),»Айман -Шолпан» (1896),»Алпамыс батыр» (1899),»Кенесары -Наурызбай» (1903), т.б. эпостық жырлар алғаш Ж-тің жинауымен кітап болып жарық көрген. «Мұңлық -Зарлық»,»Шәкір -Шәкірат», «Жүсіп -Зылиқа»,»Рүстем дастан»,»Дариға қыз»,
«Сал-сал», т.б. шығыс қиссаларын да бастырып шығарған. Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліс тапқан соң Ж. шекарадан өтіп, өмірінің соңына дейін Қытайдағы қазақ ауылдары арасында ағартушылық, емшілік іспен шұғылданған. Кейбір деректерде ақынның Шыңжаң өлкесі, Іле аймағы, Текес ауд. Шиліөзек а-нда 1937 ж. дүние салғаны көрсетілген. Ақынның жырлары мен дастандары Орт. ғыл. кітапхана қолжазбалар қоры мен Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.