ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020 ж.ш., Жетісу өңірі. Баласағұн қ. -ө.ж.б.) -ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметгер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғшіым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Ж. Б-дің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Ж. Б. бұл дастанын хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070 ж. жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» -Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 -1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 -955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Б-ға «хас хажиб» -«бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қ-ндағы 14-39 ж. көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қ-ндағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғ-дың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қ-нан табылған үшінші нұсқа 12 ғ-да араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану ин-тының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына
тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғыл. негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1932-1913) » Құтты біліктің» бірнешетарауын неміс тіліне аударып, 18-70 ж. Инсбрук қ-нда жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғыл. мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы» В. Радлов (1837 -1918) жиырма жыл бойы (1890 -1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942 -43 ж. «Құтты біліктің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. «Құтты білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пек.. 1984) тәржімалаған. «Құтты білік» дастаны белгілі бір мағына-да елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. «Құтты білік» дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлінген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемімен ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. «Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Автор метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық қүрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зертгеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *