ЖҮНІСОВ Сәкен Нұрмақұлы

ЖҮНІСОВ Сәкен Нұрмақұлы (1.2. 1934 ж.т„ Солт. Қазақстан обл. Қызылту ауд., Кішкене көл а.) -жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1996). КазҰУ-ды бітірген (1957). «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналында (1957 -59). Қазақ драма театрында (1960 -64) әдебиет бөлімінің меңгерушісі. Қостанай пед. ин-тында оқытушы (1964),» Қазақ әдебиеті» газетінде
бөлім меңгерушісі (1964 -68),КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1988 -92) қызметтерін атқарған. 1992 жылдан шығарм. жұмыста,»Аманай мен Заманай» романы (1987) бойынша»3аманай» атты көркем фильмі түсірілді. Ж-тің «Ажар мен ажал» (1967),»Тұтқындар» (1972),»Жаралы гүлдер» (1973),»Қызым, саған айтам» (1973),»Қос анар» (1974),»Әр үйдің еркесі» (1975), «Қысылғаннан қызболдық» (1976), «Кроссворд» (1981),»Елім-ай», «Сабалақ Абылай», «Сәукеле», т.б. пьесалары респ. және обл. театрлар сахналарында қойылған. Ж. -әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің шығармаларын, О.Гончардың «Перекоп», «Көк адыр» романдарын т.б. қазақ тіліне аударған. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақстан Мемл. сыйл. иегері(1986).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *