Аюдың ақылы

Екі жолдас орманда келе жатыпты. Бірінің денсаулығы мықты, екіншісі аурудан жаңа тұрған әлсіз екен. Кенет алдарынан аю шыға келеді. Денсаулығы мықты жігіт зымырап ағаштың басына өрмелеп шығып кетеді. Екіншісі жүгіруге шамасы жоқ, өтірік өлген болып жерге жата қалады. Өйткені аю өлген адамға тиіспейді деп еститін. Жолдасы көзі бақырайып, ағаштың ұшар басынан қарап тұрады. Аю ауру жігітке қарай беттейді. Жігіт қорыққанынан дем алмай қалады. Жыртқыш бас жағынан ары-бері иіскелеп, өлген адам екен деп жөніне кетеді. Ағаштың басынан түскен жігіт ауру жолдасына: – Досым, аю құлағыңа не деп сыбырлады? – дейді. Сонда ол: – Басыңа күн түскенде, қашып кететін достан қашық жүр деді, – деп жауап береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *