ЖҰМЫРБАЙ Мәмбетұлы ( 19 ғ.) -ақын. Бат. Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасынан шыққан. Ақынның сақталған өлеңдері мен толғауларынан өршіл рух сезіледі. «Шәріп правительге», «Сұрасаң, менің атым Жұмырбайды», «Жапанда жүрген ақбөкен», т.б. өлең, толғауларында ақын жақсы мен жаманды, асыл мен жасықгы салыстыра суреттеп, өмірдің мәні, жастық пен кәрілік, тоқтық пен жоқтық, ерлік пен ездік туралытолғанады. Ж. шығармалары «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» ( 1985) жинағындажарияланған.