Екі ағайынды бірде ренжісіп қалыпты. Ағасы “Інім келіп кешірім сұрар,” – деп күтіпті. Ол келе қоймайды. Шыдамаған ағасы інісіне келеді, сөйтсе інісі де сағынып жүр екен. Ағасын көре салып, құшақтап жылап жіберіпті. Сонда ағасы: – Сен кішісің ғой, неліктен бірінші болып келіп кешірім сұрамадың? – дейді. Сонда інісі: – Жаным, ағатайым, кім бірінші болып кешірім сұраса, сол мол сауап алады деуші еді. Сол сауапты өзіме қимай, Сіз алсыншы деп тосқан едім, – депті көз жасын сүртіп.