ЖҰМБАҚ АЙТЫС -айтыс жанрының бір түрі. Ондатабиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді. Ж.а.-тың ең алғашқы түрі -қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сүрақ
қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды, өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні белгісіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, «Ұлбике мен Күдері қожа айтысы», т.б.) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана. Қыз бен жігіт қайымдасуларыныңендібіртобында («Қыз Болықпен Елентай айтысы», «Есенбике мен Жылқышы айтысы», «Ақдама мен Асан айтысы», «Айқын қыз бен Жарылқасын қожаайтысы», «Жүсіпбек қожа мен Шөкей қыз айтысы», т.б.) айтыстың тоқтамды түйіні жұмбақ шешімдеріне келіп тіреледі. Мұнда жұмбақты қыз жағы бастап, жігіт шешуімен шектеледі де, ақыры қыздың дәстүрлі жол беруімен (жүзік, сақина, түйме, орамал -бір тоғыз) аяқталады. Жұмбақ арқылы айтысу ақындар айтысында кемелденіп, өзінің шырқау шыңына жеткен. Бұлардың бірсыпырасы («Рахметжан мен Ыбырайдың айтысы», т.б.) ғылым-білім, өнердің пайдасын паш етсе, енді бір тобы («Нұржан мен Сапарғалидың айтысы», «Тұрмағамбет пен Шәдінің жұмбақайтысы», т.б.) деректі заттар мен өмірді, өмірдегі жаңалықтарды жұмбақ етеді.