Сократқа біреу келіп: – Досың жайлы не естідім айтайын ба? – дейді.
– Тоқта. Маған бір сөз болсын айтар алдында кішкентай ғана тесттен өтуіңді сұраймын. Үш фильтрлі тест.
– Үш фильтрлі?
– Иә, менімен досым туралы сөйлесер алдында, бір сәт тоқтап сөйлейтініңді фильтрден өткізгенің абзал болар. Бірінші фильтр – “Шындық филтрі”. Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе?
– Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан…
– Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. Екінші фильтр -“Жақсылық фильтрі”. Досым туралы айтатының жақсы ма әлде..?
– Жоқ, жақсы емес, керісінше…
– Сен рас болып болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келді ме сонда? Оған қарамастан тесттен өтуің мүмкін, соңғы фильтр – “Керектілік фильтрі”. Досым туралы айтатының керегіме жарай ма?
– Білмеймін ғой енді, бәлкім..
– Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеттілігім болмаса, оны айтып несіне әуре боласың?