ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш (24.4.19-36 ж.т., ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауд.) -жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1998). Шәуешек гимназиясын бітіріп,жолдамамен ҚазҰУ-га (1956) түседі. 1958 ж. Қытай үкіметі органдары Ж-ті кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң. ҚазҰУ-ды бітіреді (1965). «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965 -67),»Жазушы» баспасында(1967-76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінде (1976-81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарм. жұмыста,Ж-тің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 19-56 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла»
журналында жарияланған. Ж-тің бір өлеңдер жинағы. сегіз роман,бес повесть. ондаған әңгіме,мақалалар жинақтары жарық көрген. Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы. «Көкейкесті» (1969),»Соңғы көш» (1974 -81.),»Атамекен» (1985),»Тағдыр» (1988.) романдары,»Соңғы көш» (1-кіт. 1974; 2-кіт. 1981) және «Дарабоз» (1-кіт. 1994; 2-кіт. 1996) дилогиялары,Ж-тің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы -«Таңғажайып дүние» (1998) ғүмырнамалық,»Қылкөпір» (2003) романдары,Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім, қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Ж. шығармалары орыс,украин,белорусь,өзбек, ұйғыр,қырғыз тілдерінде,»Соңғы көш» романы түрік тілінде басылып шыққан. Негізгі еңбектері 2003 -2004 ж. «Он екі томдық» шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен,Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Жазушылар одағы сыйл. (1983). Қазақстанның Мемл. сыйл. (1990)иегері.