ЖҰМАҒАЛИЕВ Қайрат

ЖҰМАҒАЛИЕВ Қайрат (16.9.1937 ж.т.. Бат. Қазақстан обл. Орда ауд. Бесқұдықа.) -ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1959 -84 ж. «Жазушы» баспасында кіші редактор,редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі,бас редактордың орынбасары. 1985 -92 ж. Қазақтелерадио к-тінде аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі,бас редактор.1992 -96 ж. Қазақстан Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші. Қазір «Сарыарқа» журналында редактор қызметін атқарады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» 1964 ж. жарық көрген. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк,
болгар тілдеріне жеке өлеңдері аударылған. Француз, моңғол ақын-жазушыларының романдарын қазақ тіліне аударған. Ақын өлеңдеріне ән жазылған. Белорусь Респ. Құрмет грамотасымен,Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *