ЖҰМАБЕК Сайлаубек Естайұлы

ЖҰМАБЕК Сайлаубек Естайұлы (12.2.1946 ж. т., Оңт. Қазақстан обл. Кентау қ. карасты Ащысай кенті) -жазушы, әдебиет сыншысы. ҚазҰУ-ды (1970). Әдебиет және өнер ин-тының аспирантурасын (1970 -73) бітірген. 1974 -79 ж. Қазақстан кино к-ті сценарий бөлімінде аға редактор, редакция меңгерушісі, «ЖасАлаш»(1979-81), «Қазақ әдебиеті» (1981 -90), «Егемен Қазақстан» (1990 -93) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Ара -Шмель» сатиралық журналында бас редактор қызметтерін атқарған. 1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының аға референті -әдеби кеңесшісі. «Сыр пернесі» (1989), «Ғабит Мүсірепов» ( 1989), «Жұлдызы нұрлы суреткер» (1993), «Шерхан Мұртаза, Жұлдызы нұрлы суреткер» (екінші басылым. 2002), «Жүрегі -мұң, жүрегі-жыр…» ( 1997), «Қазығұрт перзенті» (1998), «Сын әуені» (2001), «Тахауи Ахтанов, Талант тектоникасы» (2003) сын кітаптарының авторы. Халықар. «Алаш» әдеби сыйл. лауреаты (1999), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. ЖҮМАБЕКОВ Огызбай ( 1920 ж.т., Шымкент обл. Бөген ауд. Төрткүл а.) -ақын. «Қобыланды», «Құбығұл», «Сауда ишан», «Көрұғлы» дастан, қиссаларын, Нұралының, Майлықожаның термелерін әуенді, сазды дауысымен төге жырлаған. Көп жылдардан бері обл. драма театрында, филармонияда әнші, жыршы, актер болып қызмет еткен. «Отызбайдың термесі», «Жеңіс», «Сыпатай батыр», атты шағармалары халық арасына кең тараған. Оның А.Нысанов, К.Әлімбетов тәрізді белгілі ақындармен айтысы, еңбек озаттарына арнап шығарған жырлары сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *