ЖҰМАБАЙ Біләлұлы (1940 ж.т.. ҚХР, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауд.) -Қытай қазақтары арасынан шыққан жазушы. Шыңжаң ун-тін бітірген (1962). Қытайдағы 20 ғ-дың 60 -70-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зардабын тартып, 10 жыл айдауда болған. 1979 ж. ақталған. Шәуешек қ-нда шығатын «Тарбағатай» журналында әдеби редактор, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Жондағы жорықтар», «Дала торғайлары», «Кіндіктестер», «Кешкен күндер», «Қоңыр таудың күңгірі», «Ата дәулеті», «Ақселеу» роман, әңгіме-повесть жинақтары жарық көрген. Екі мәрте Қытай мемл. әдеби сыйл. иегері (1982.1990)