Кеше жаңа министріміз Ақтоты Райымқұлова үш мыңнан астам термин қайта бекітілетінін атап өтті. Министрдің айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-нан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді. Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина, теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал «әлеует» деген сөз «потенциал» болып қайта өзгертілді.