ЖОҚТАУ -қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының бір саласы. Халықтың асыл перзенті, елдің құрметтісі, сүйіктісі, әр шаңырақтың аяулысы дүниеден өткенде шерлі, азалы әуенмен айтылады. Оның сүйегіне, тегіне, мінезіне дарыған асыл қасиетгері, ел-жұртқа, бауыр-туысқанға жасаған жақсылықтары, үлгі-өнегесі, артына қалдырған өшпес іздері мен ақыл-нақыл сөздері көркем де мәнерлі тілмен жырланады. Ж-дың ежелгі үлгілері шумерлердің Гильгамеш туралы жырларында да, үнді эпосы «Махабхаратада» да, Гомердің поэмасы » Илиадада» да кездеседі. Ж-дың ең көне үлгілерінің бірі -«Алып Ер Тоңғаны жоқтау». Ж. жырлары ежелгі түркі халықтарына ортақ басқа әдеби мұраларда да кездеседі. Соның бірі -оғыз-қыпшақдәуірінің (8-9 ғ-лар) ескерткіші «Қорқытата кітабындағы» Дирсеханның жалғыз ұлы Бұқашты анасының Ж. жыры. Мұндай Ж-лар ауыз әдебиетіндегі «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» сияқгы қаһармандық эпостарда, «Қозы Көрпеш -Баян сүлу», «Қыз Жібек» сияқтығашықтықжырлардада ұшырасады. Ж. жырлары, негізінен, айтар ой сарыны, ұйқасы, образды сөз кестесі жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Әдетте жаттанды сөздермен көпке белгілі Ж. үлгілері ауызша тарап, көпшілігі кейінгі ұрпаққа жеткен. Осындай Ж-лардың бірі -«Мамайды шешесі Қараүлек ананың жоқтауы» (1559). Ж-дың айтылған уақыты да, ондағы адамдардың өмір сүрген дәуірі де тарихи деректерге сәйкес. Одан бертін келе «аюдай арқыраған, күндей күркіреген» Орақ батырды жоқтаудан бастап, Абылайды, Бөгенбайды, Қаздауысты Қазыбекті, Ш.Уәлихановты, М.Әуезовті, К.Байсейітованы жоқгайтын жырлар бар. Жамбылдың «Алғадайындағы», К.Әзірбаевтың «Базар-Назарындағы» әуенді ырғақтар -ежелгі халық Ж-ның үлгісімен жазылған. Ж. жырларын зерттеу 19 ғ-дан басталады. Ш.Уәлиханов оған алғаш баға беріп, бірнеше үлгісін жа-зып алған. Ж-ды ауыз әдебиетінің бағалы үлгісі ретінде жинап, 1926 ж. «23 жоқтау» деп аталатын кітап етіп шығарған А.Байтұрсынов болды. Кеңес дәуірінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин өз зерттеулерінде Ж-дың кейбір нұсқаларымен таныстырып, мәнісін түсіндірген. Онан кейін тілші-ғалым Т.Арынов Ж-ды жүйелі жинап, зерттеп, «Боздағым» деген атпен кітап етіп шығарған (1990)