Информатика (Computer science, informatics) — компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерді жасап шығару мәселелерін, оны пайдалану зандылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ оның жаратылу, түрлену, жеткізілу және адамзат қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылу заңдылықтарын зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері. Ақпараттермині латынның information сөзінен аударғанда (Түсіндіру, Баяндау, Мәлімет) деген мағынаны білдіреді. Ақпарат — қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалары мен сигналдар түрінде беретің мағұлымат.
Информатика саласындағы зерттеу тақырыптар: бағдарламаларды және ақпарат базаларын (жуықтау теориясы және жасанды интеллект) жүзеге асыру немесе асырмау, жеке есептік және информациялық мәселелерді қандай максималды тиімды жолмен шешу, қандай түрде сақтап, оны қайта қалпына келтіру (құрылымын және деректер базасын), адам мен программаның байланысы (пайдаланушы интерфейсі және программалау тілдері және ұсынылған білім) және т.б.
«Информология» және «информатика» терминдерін алғаш 1962 жылы КСРО ғылыми акаемиясының корреспондент мүшесі — Александром Харкевичем ұсынды. Информатика ғылымның негізі 1965 жылы «Основы научной информации» атты кітәбінде жазылды, кешірек 1968 жылы ол қайта өңделіп, аты «Основы информатики» болып өзгертілді.