ЖИЫРМАСЫНШЫ ҒАСЫР-ДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ЖИЫРМАСЫНШЫ ҒАСЫР-ДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ -20 ғасырдың басында Ресейде өткен революциялыққозғалыстар ұлт аймақтарына,соныңішінде Қазақстанға айрықша әсер етті. Ұлттың азын-аулақ бас көтерер оқыған азаматтары осы жағдайды пайдаланып,отаршылдық езгіден титықтап отырған халқын ұйқыдан оятып,азаттық жолындағы күреске бастады. Олар елін тәуелсіздіктің жолына бастап, оқу, өнер,білім үйренуге үгіттеді. Халықтың өмірі мен ұлттық мүддесін жырға қосып келген қазақ әдебиеті де жаңа дәуірдің осы қажетіне үн қосты. Осы ұлттық қозғалыстың басында тұрған А.Байтұрсынұлы пен М.Дулатовтыңсаяси-қоғамдық,әдеби-шығарм. қызметтерінде ұлт-азаттық бағыттағы күрескерліктің белгілері мол еді. Байтұрсыновтың «Маса» (1911),»Қырық мысалы»( 1909) халықтың дамудан артта қалып,қараңғылық пен надандықгың бұғауында отырған жағдайын суреттесе, «Оқу құралы» (1912) мен «Тіл құралы» атты оқулығы халықтың білімін көтеруге зор ықпал жасады. Дулатов «Оян қазақ»(1909) жинағы арқылы қазақ қауымына ел тағдыры жайлы ой салды. Ол орыстың және Еуропаның классик.әдебиетінен(Пушкин, Лермонтов, Шиллер,Тоқай) аудармалар жасаған. С.Торайғыровтың»Қамар сұлу»,»Кімжазықты» романдары мен «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары,лирикалық өлеңдері,публицистик. сын мақалалары заманның тыныс-тіршілігін суреттеп, қазақ әдебиетін бір белеске көтерді. Әдебиеттегі сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрістетуде Ш. Құдайбердіұлының С.Дөнентаевтың, М. Сералиннің, С.Көбеевтің, Б. Өтетілеуовтің, Ә. Тәңірбергеновтің, Ғ. Қарашевтің, Т. Ізтілеуовтің, Б.Күлеевтің, Н. Орманбетовтің, т.б. ақын-жазушыларшығарм-ныңерекше маңызы бар. Бұл ақын-жазушылардың кейбіреулерінің еңбектері сол кездегі «Қазақ» газеті,»Айқап» журналдарына жарияланып отырды. М.Ж. Көпеев, Н.Наушабаев, М.Қалтаев секілді ақындар халықтың жарқын болашағы дінде деп түсіндіріп, діни-ағартушылық бағытты ұстанды. Осы бағыттағы Ж.Шайхысыламұлы, Ш.Жәңгірұлы, А..Сабаұлы сияқты ақындар халық аңыздары, ертегілері сюжеттерін,шығыс әдеоиетшен оқыған. естіген оқиғаларын қиссаға. дастанғаайнал-дырып жазумен шүғылданды. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дәстүрлі саласы әнші-ақындар қызметі де осы кезеңде дамыды. Жаяу Мцса Байжащлы, Балуан Шолак, Бай-мырзацлы, Мәди Бәпицлы, Майра Уәлиқызы, Иманжцсіп Қцтпащлы, Әсет Найманбайцлы, Үкш Ыбырай Сандыбайцлы, Кенен Әзірбайцлы, Біржан, Ащт. сері, Мцхит сияқ-ты ұстаз-ағаларының жолын ұс-танып, демократтық бағытта ән-дер, өлендер, жырлар шығарды. МЖцмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин сияқты жас таланттар осы тұста әдебиетке келіп,өздерінің алғашқы шығармаларын жариялады. 20 ғ-дың басындағы қазақ әдебиеті өмірдің тарихи шындығын бейнелеуші ретінде өз тұсындағы халықтың ой-пікірлерінің шежіресі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *